Халықаралық интернет-алаяқтық желісінің құрамына кіретін ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандар әшкереленді. Күдіктілердің еліміздің әр аймағында, соның ішінде СҚО-да жасалған 8 интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Булаев қаласында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы бес жас жігітті ұстады.

Олардың бірі - Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны - халықаралық интернет-алаяқтық желісінің құрамына кіретін ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген күдікке ілінді. Олар «дропперлер» желісі арқылы жәбірленушілерден түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан.

СНХР: ӘЛНҰР АХМЕДИЯРОВ — СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Интернет-алаяқтықпен күрес - «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды бағыты, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда және облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында.