Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласы мен Ғ. Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Тимирязев және Уәлиханов аудандарындағы 74 мектепте заңбұзушылықтарды анықтады. Білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандарды өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге итермелейтін материалдар жарияланған сайттарға еркін кіру мүмкін болған. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 43-бабына қайшы келеді.

СНХР: РАУАН ТҰҢҒАНБАЙ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ