Петропавл қаласының бас алаңында «Таза Қазақстан» экологиялық челленджі басталды. Бұл челленджге барлық өңірде 3 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Мақсаты пластиктен бас тарту, экологиялық баламаларды таңдау және таза әрі жауапты болашаққа қадам басу. Іс-шараға жас педагогтар, еріктілер, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
«Таза Қазақстан» республикалық челленджі облысымыздың барлық өңірінде басталды. Бұл жаңа оқу жылының қарсаңында басталған игі бастама. Бұл тазалық акциясына бүгінде жас мұғалімдерден бөлек ерікті жастар мен белсенді студенттер, түрлі сала мамандары мен мекеме қызметкерлері де белсене қатысуда. Бүгінгі іс-шараға Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағановада қатысты.
СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Таза Қазақстан» акциясы екі негізгі мақсатты көздейді: біріншісі айналаны қоқыстан тазартып, табиғаттың келбетін қалпына келтіру болса, екіншісі қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, оны кеңінен насихаттау. Бүгінгі челледжде қатысушылар екіге бөлініп, Евней Букетов ескерткіші және Жамбыл Жабаев пен Евней Букетов көшелерінің қиылысындағы сквер, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия аумағында эко пакеттерді таратты.
СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы елімізде көктемнен бері жүріп жатыр. Экологиялық іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.