Айыртау ауданы Имантау баурайында туризмді дамытуға бағытталған халықаралық "Drive Forum" туристік жиыны өтті. Үш күнге созылған іс- шараға Қазақстан мен Ресейден келген саяхатшылар қатысты. Форум аясында Солтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылып, демалыс орындары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, түрлі қызықты жарыстар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Айыртау ауданы табиғаты көркем, тарихи орындарға бай аймақ ретінде автосаяхатшылардың қызығушылығын арттырып отыр. Жол инфрақұрылымының жақсаруы мен сервистік қызметтердің кеңеюі саяхаттаушылар үшін қолайлы жағдай туғызады. Солайша, өңірге келушілердің санын жыл сайын арттыру көзделген.
СНХ: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
"Drive Forum" фестивальі осындан бір ай бұрын Бурабайда өткен. Жетекшісі Абдуғали Абдуәли мырзаның айтуынша, іс-шараға адамдар жаяу тіпті, велосипедпен келген. Бұл халықтың туризмге деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.
СНХ: АБДУҒАЛИ АБДУӘЛИ, «DRIVE FORUM» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ЖИЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Фестивальде 100-ден астам экипаж болды. Олардың қатарында Қазақстаннан түрлі аймағынан және Ресейден келген туристер бар. Жалпы, автосаяхатшылар өз көлігімен түрлі аймақтарды аралап, табиғи, тарихи және мәдени орындарды тамашалайтын саяхатшылар. Мұндай туристер үшін жол сапасы, қауіпсіздік, бағыттар бойындағы демалыс орындары мен сервистік қызметтердің болуы аса маңызды.
СНХ: СЕРГЕЙ ПОПОВ, ҚАТЫСУШЫ
СНХ: ЕЛИЗАВЕТА ВИНОГРАДОВА, ҚАТЫСУШЫ
Айта кетейік, Айыртау ауданының әсем табиғатын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп, талайды тамсандырып жүрген жан бар. Ол – Ернар Қазбеков. Өнерлі азамат бұл іспен бала кезінен бастап айналысады. Сұлулықты сүйген ол суретті де жақсы салады. Ернар Вилович керемет бейнелерді түсіру үшін дрон мен телефон қолданады. Оның айтуынша, видеоларынан кейін адамдардың бөл өлкеге деген қызығушылығы әжептеуір артқан.
СНХ: ЕРНАР ҚАЗБЕКОВ, БЕЙНЕОПЕРАТОР
Мамандардың айтуынша, автосаяхат – еркін қозғалыс пен жаңа бағыттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беретін туризмнің тиімді түрі. Әсіресе, жаз мезгілінде отбасылық автосаяхаттарға сұраныс жоғары. Осы орайда, өңірде туризм саласын дамыту аса маңызды. Айта кетейік, қазіргі таңда Шалқар Имантаудағы 10 демалыс орны интернетпен қамтамасыз етліген.
СНХ: ДАРХАН ӘМРИН, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айыртау ауданында алғаш рет ұйымдастырылған "Drive Forum" халықаралық туристік жиыны алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналмақ. Форумды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.