Солтүстікқазақстандық музыкант-коллекционер ондаған жылдар ішінде екі жүзге жуық музыкалық аспап жинаған. Топтамада ең жиі кездесетіндері - гармонь, аккордеон, баян аспаптары. Бүгінде Юрий Бакай ауылдағы өскелең ұрпақты да музыкаға баулып келеді.
Аққайың ауданындағы Полтавка ауылының тұрғыны Юрий Бакай бала күнінен музыкаға әуес болған. Ол түрлі аспапта ойнап қана қоймай, олардан коллекция да жасап келеді. Сондай-ақ педагог маман халық музыкасына деген сүйіспеншілігімен оқушылармен бөліседі. Юрий Иванович "Хуторок" үлгілі ансамблінің жетекшісі. Ауылда бірде-бір мереке ұжымның қатысуынсыз өтпейді.
СНХ: ЮРИЙ БАКАЙ МУЗЫКАНТ, ПЕДАГОГ
2019 жылы «Хуторок» ансамблі «Үлгілі» атағын алды. Ондағы балалар тамбурин, маракас, даңғыра және сылдырмақ сияқты түрлі аспаптарда ойнауды үйренеді.
СНХ: ДМИТРИЙ КИСЕЛЕВ, «ХУТОРОК» ҮЛГІЛІ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ
СНХ: АЛЕКСАНДРА ПАК, «ХУТОРОК» ҮЛГІЛІ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ
Юрий Иванович музыка бойынша кәсіби білім алмаған. Бірақ бала кезінен музыкалық аспаптардан қол үзбей, бүгінде шәкірт тәрбиелеумен айналасып келеді.