Паралимпиадашыға мылтық, ауылға жаңа ФАП және Солнечный тұрғындары үшін жолдар. Осы және өзге де мәселелерді солтүстікқазақстандықтар облыс әкімімен кездесуде көтерді. Әріптесімнің бейнематериалына зер салайық.
Александр Герлиц кездесуге бірден бірнеше сұрақпен келді. Біріншісі, паралимпиадашының ұлына Германияда жасалған пневматикалық қару сатып алу туралы болды. Солтүстікқазақстандық осыдан екі жыл бұрын Швецияда өткен әлем чемпионатында оның ұлы Александрдың мылтығы дұрыс жұмыс істегенінде алтын алуы мүмкін еді дейді.
СНХР: АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦ – АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
СНХР: МИЯТ ЕРХАТ – ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Екінші мәселе фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына қатысты болды. Ақжар ауданында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы аясында қазірдің өзінде төрт ФАП жұмыс істеп тұр. Горьковское ауылында пункт бұрынғы аудандық аурухананың ғимаратында орналасқан, мұнда қыста суық. Бұл, Александр Герлицтің айтуынша, тұрғындарға қолайсыздықтар туғызады.
СНХР: КАНАТ ХАСЕНОВ – АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М.А.
Ауылда лайықты ғимараттар жоқ. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға мәселені жан-жақты зерттеуді тапсырды. Ольга Денисова Солнечный шағын ауданын абаттандыру мәселесін көтерді. Бірнеше көшенің тұрғындарын нөсер кәрізінің жоқтығы, жолдардың жағдайы мен көшелерді жарықтандыру мәселесі алаңдатып отыр.
СНХР: ОЛЬГА ДЕНИСОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, Солнечныйда автобус бағытына асфальт төсеу жобасы жоспарланғанымен, әзірге қаражат жеткіліксіз.
Сондай-ақ солтүстікқазақстандықтар аулаларды абаттандыру, паралимпиадашыларға спорттық стипендияларды төлеу және балабақшаларды қаржыландыру мәселелерін көтерді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.