Гимнастикаға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен S’avancer хореография мектебінің шәкірттері халықаралық өнер додасында ел намысын абыроймен қорғап, жеңіспен оралды. Үш бірдей ірі турнирде өнер көрсетіп, 25 елдің мықтылары арасынан оза шауып, барлығы 79 медаль еншіледі.
S’avancer хореография мектебі мен Гимнастикаға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорттық би бөлімінің өнерпаздары бұл жолы халықаралық өнер додасына 5 жұп және 3 жеке орындаушы болып шықты. Бәсеке тартысты өтті — қарсыластар арасында 25 елдің таңдаулы бишілері болды.
СНХР: ЮЛИЯ ШИРИНА – «S’AVANCER» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БИ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Даниил Савич пен Эмилия Колесникова жұп ретінде небәрі тоғыз ай ғана дайындалып жүр. Соған қарамастан, олар халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жолы дуэт түрлі жанрда сегіз би билеп, екі ай бойы тынымсыз жаттыққан еңбегін ақтады.
СНХР: ДАНИИЛ САВИЧ – ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ
Өнер сайысында 11 жастағы Валерия жеке бағдарлама бойынша 8 би түрінен сынға түсіп, жүлделі орындарға қол жеткізді. Оның айтуынша, бұл жолғы қарсыластары ерекше мықты болған.
СНХР: ВАЛЕРИЯ ЛИТВИНОВА, ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ
Малайзиядағы турнирден кейін жұптардың бірі – Тимур Магафуров пен Полина Долгушина Гонконгқа жол тартып, онда қола жүлдеге ие болды.