«Заң және тәртіп» ауылда: Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшыларымен тұрғындардың үйлесімді жұмысының арқасында малдың қауіпсіз жайылуы қамтамасыз етілуде. Жыл басынан бері өңірде малдардың жолға шығып кетуі салдарынан 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам жарақат алған. Осы мәселені шешу үшін полиция, жергілікті билік және тұрғындар «Қауіпсіз жайылым» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кешенді жұмыс жүргізуде.


Облыста қауіпті учаскелердің бірі — Аққайың ауданындағы Рублёвка мен Аралағаш ауылдарының арасындағы «Астана – Петропавл» республикалық автожолының бөлігі. Өткен жылдары мұнда малдардың жолға шығып кетуі салдарынан жол апаттары жиі болған. Бұл жерде көлік қозғалысы өте қарқынды — тәулігіне ондаған мың автомобиль жүреді. Малдың жолға шығуын болдырмау үшін трассаның батыс жағына, ауылдардың арасына «Электрбақташы» атты инновациялық құрылғы орнатылды. Бұл қоршау жануарларды қауіпсіз электр импульстерінің көмегімен ұстап тұрады.

СНХР:Әсет Ризаханов — Аққайың ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы АУДАРМА: (Бұл әкімшілік аумақта үш жылға жуық жұмыс істеймін


Учаскелік инспектордың айтуынша, тек өз округтерінде ғана жыл басынан бері мал жаю ережесін бұзғаны үшін 20-дан астам әкімшілік хаттама, молдардың егістікке шығып кеткені үшін 3 хаттама толтырылған. Полиция қызметкерлері айыппұл салу мақсат емес екенін, басты міндет — тұрғындар арасында құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру екенін атап өтеді.

СНХР:Қайрат Бабақов — Аққайың ауданы, Аралағаш ауылдық округінің әкімі


Полиция мал жаю ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Бақылаусыз жайылым айыппұлға ғана емес, ауыр жол апаттарына да әкелуі мүмкін. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын нығайту және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша осындай жұмыстар облыстың барлық аумағында жүргізілуде. Бұл іске полиция мен жергілікті атқарушы органдар ғана емес, тұрғындардың өздері де белсене атсалысуда.