Биыл елімізде ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылуда. Бұл сала — экономиканың маңызды тірегінің бірі. Қазіргі таңда елімізде ауыл шаруашылығы санағы жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты — аграрлық сектордың нақты ахуалын анықтап, болашақ даму бағытын айқындау. Жиналған мәліметтер ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсартып, өндіріс көлемін арттыруға сеп болмақ.

«Ауыл шаруашылығы – ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!» – осындай ұранмен елімізде маңызды науқан өтіп жатыр. 1-31 тамыз аралығында Sanaq.gov.kz сайты арқылы кез келген азамат онлайн форматта санаққа қатыса алады. Бұл – уақытыңды үнемдеп, өз үлесіңді ауылдың болашағына қосудың қолайлы жолы. Есіл ауданында бұл жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Биылғы санақ аясында 6773 үй шаруашылығы мен 386 ауыл шаруашылығы құрылымын қамту жоспарланып отыр. Жиналған деректер ауылдың әлеуетін бағалап қана қоймай, аграрлық секторды дамытуға, жаңа жобаларды іске асыруға негіз болады. Мамандардың айтуынша, әр тұрғынның қатысуы – ауылдың өркендеуіне қосылған үлес.

СНХР: ВАДИМ КРАСНОЩЕК, АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ


Санаққа қатысқандардың алғашқыларының бірі – Есіл ауданына қарасты Николайевка ауылының тұрғыны Нәджіп Ғазиз. Ол төрт жыл бұрын Ираннан ата қонысқа «Нұр Көш» бағдарламасы аясында оралған. Жаңа ортаға тез бейімделіп, соңғы 2-3 жылда мал шаруашылығын қолға алған. Бүгінде қырыққа жуық ірі қарасы бар.

СНХР: НӘДЖІП ҒАЗАЗ, САНАҚҚА ҚАТЫСУШЫ


Айта кету керек, 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында үй шаруашылықтарында интервьюерлер сауалнама жүргізеді. Бүгінде Есіл ауданы бойынша 14 адам интервьюерге үмітті.