Жыл басынан бері өңірде 65 өрт тіркелді. Салдарынан 3 адам мерт болып, алтауы жарақат алған. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандары биылғы жылы өрт санының азайғанын айтады.

Өрттің шығу себептері әр түрлі. Өрт көбіне сөндірілмеген темекі тұқылы мен пеште бақылаусыз қалған астан шығып жатады. Бірақ құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында тілсіз жау қысқа мерзімде ауыздықталады. Өткен аптада үш өрт және жеті жану фактісі тіркелді. Оның ішінде Ярослав Гашек көшесі, 40-шы үйдегі шеберхана мен Назарбаев көшесі, 123-үйдегі өрттер бар.

СНХР: ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ