Жастарға барынша жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жүздескен Президент осылай деді. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағында заманауи үлгідегі «Келешек мектептері» ашылуда. Мұғалім мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр. Ғылым жолына түскен жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Келер жылдан бастап халықаралық олимпиада жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі. Осылайша, біз дарынды әрі талапты жастарға жан-жақты қолдау көрсете береміз, – деді Мемлекет басшысы. Жиын соңында Президент дарында жастарға қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ