«Үкімет жеке деректерді қолданатын барлық коммуникацияны ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауы керек». Жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Әрі үлгі ретінде отандық Aitu мессенджерін ұсынды. «Ол тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алады» деді. Мемлекет басшысы жыл басынан бері деректердің қолды болуына байланысты 40-тан астам факті тіркелгенін де айтты. Мұндай инциденттер құзыреттердің дұрыс бөлінбеуі мен шашыраңқылығы салдарынан болып жатқанын атап өтті.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ