Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне грантқа оқуға түскен түлектер құжаттарын тапсыруда. Білім мен табандылықтың арқасында маңызды сынақтан өтіп, тегін білім алуға мүмкіндік алған жастар үшін бұл маңызды қадам. Әріптесім тарқатсын.

Биыл 5797 талапкер Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне түсуге өтінім білдірген. Оның 1021-і грант иегері атанды. Салыстырмалы түрде былтырғы жылы 1139 грант бөлінген. Бірақ биыл бәсекелестіктің жоғарылағанын айта кеткен жөн. Серпін бағдарламасы бойынша 76 талапкерге грант бөлінсе, 200-ге жуық грант квота бойынша педагогикалық мамандықтарға берілген. Сондай-ақ 12 жетім, 10 мүгедектігі бар бала және 28 әскери борышын өтеген жас грантқа ие болды.

СНХ: Айгүл Нұрпейісова, Қозыбаев университетінің басқарма мүшесі


Ең көп талапкер техникалық, гуманитарлық және педагогикалық бағыттарды таңдаған. Солардың бірі Гауһар Мусина. Ол ұлттық біріңғай тестілеуден 119 ұпай жинап, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығына грантқа түскен.

СНХ: Гауһар Мусина, талапкер


Жаңа оқу жылында білім алушылар 1200 орынға шақталған жаңа жатақханаға орналасады. Онда студенттердің жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Спорт залы, асхана, коворкинг орталығы, барлығы студенттер үшін.