Жылқы малы – қазақтың қанына сіңген, қазақ халқымен сан ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан қасиетті жануар. Ер-тұлғаның серігі, бақ-берекенің бастауы. Бұл жолғы сюжетіміз қамбар ата тұқымына жан-тәнімен қызмет етіп, тұтас бір ауылдың тіршілігіне ие болып қалған нағыз еңбек адамы, жылқышы Әділхан Байтасов жайында болмақ. Ол Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылында дүниеге келген. Қазіргі күні аталмыш ауыл жабылып қалса даа бұл азамат туып-өскен жерінде бір өзі түтін-түтетіп ауылдастарының жылқысын бағып отыр.
1977 жылы дүниеге келген Әділхан Байтасов кіндік қаны тамған ауылынан алыс кеткен емес. Соңғы 20 жылға жуық аралықта ол туған жерінде мал бағып, ауылдастарының сенімін ақтады. Бүгінде Амангелді ауылында үй жоқ. Мектеп жабылып, су мен жол мәселесі күрделенген шақта бүкіл ауыл сыртқа үдере көшті. Олардың қатарында Әділханның ата-анасы да бар. Бірақ Әділхан ауыл азаматтарының жыл 12 ай жылқысын бағып елде жалғыз қалды.
СНХ: Әділхан Байтасов – жылқышы
Кәсібін сүйген жанның еңбегі еш кетпейді. Әділханның қазіргі таңда 200-ге жуық қамбар ата тұқымын бағуының өзі оның кәсібіне деген адалдығының нақты көрінісі. Жылқы бағу – оңай емес. Бұл – тәулік бойы тынымсыз еңбекті, табиғаттың тосын құбылыстарына төтеп бере білуді талап ететін ауыр жүк.
СНХ: Әділхан Байтасов – жылқышы
Жылқышы боламын деп алға мақсат қойыған соң, оған жетуге талпынып, еңбек етсең ғана кез келген қиындықты еңсеруге болады. Әділханды кәсіби жылқышы болуына жетелеген де осы мақсат пен жылқыға деген сүйіспеншілгі. Қазіргі таңда Әділхан үйірдегі әр жылқының түсін таниды, мінезін біледі. Жылқы сенің жан дүниеңді түсінеді тек жануардың сөйлерге тілі жоқ дейді ол.
СНХ: Әділхан Байтасов – жылқышы
Әділхан үшін жылқы оның – серігі, досы, сырласы. Көктемнің жайма шуағында, жаздың ыстығында, күрең тартқан күз бен қыстың қақаған аязында жылқымен бірге өткен жылдар оның жанына рух беріп, жігерін жаныған. Оның қажырлы еңбегі жұмыссыз жүрген әр адамға ой салары сөзссіз.