Өңір мектептері жаңа оқу жылына дайындықты аяқтауға жақын. Облыстағы 444 мектептің басым бөлігі дайын. 35 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, олардың 26-сы — мектеп. Сонымен қатар, қос бірдей жаңа мектептің құрылысы да жүргізілуде.

Солардың бірі — облыс орталығындағы жаңадан салынған “Келешек мектебі”. Қыркүйек айында есігін ашатын 600 орындық білім ордасы жаңа оқу жылына 90 пайыз дайын. Заманауи үлгіде жабдықталған мектептің әр сыныбына интерактивті тақталар орнатылған. Береке ықшам ауданында орналасқан мектепке қазірдің өзінде 542 оқушы өтініш берген. Білім ұжымы жаңа оқу маусымын бастауға сақадай сай деуге болады.

СНХР: СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, №29 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ