Аққайың ауданында 10 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді. Онда шамамен 10 мың бас ірі қара мал бар. 5 сүт кешені заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. «Астраханское АГРО» ЖШС өңірдегі ірі бордақылау алаңдарының бірін салуды бастады.
1000 басқа арналған бұл ферма Аққайың ауданында тек біреу ғана. Сүт-тауарлы фермасы ашылғаннан кейін 10 адам жұмыспен қамтылмақ.. Кәсіпкер құрылысқа 600 миллион теңге инвестиция салған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаруа қожалықтары симменталь, қара-ала, қызыл дала және басқа да ірі қара мал тұқымдарын өсіруде.
СНХ: ҒАББАС ЖАНТАЕВ, «АСТРАХАНСКОЕ АГРО» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ