Петропавл теміржол вокзалында қалаға келген қонақтарға тегін SIM-карталар таратыла бастады. Енді бұл жаңашылдық тұрақты түрде жүзеге асады.

Петропавл теміржол вокзалында шетелдік жолаушыларға тегін SIM-карталар таратыла бастады. Бұл бастама – қалаға келген туристердің байланыста болуын қамтамасыз етудің тиімді жолы. Карталарда 1 гигабайт интернет пен SafeTravel.kz порталына қолжетімділік бар.

СНХР: ДУЛАТ ДІРКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ


Картада 1 ГБ мобильді интернет бар. Сондай-ақ SafeTravel.kz анықтамалық порталына жылдам қол жеткізу қарастырылған. Мұндай SIM-карталардың 89 мыңы Алматы мен Астанаға келген туристерге таратылған. Петропавлда күн сайын 500 карта тарату жоспарланған. Қалаға келген туристер жаңа бастаманың ыңғайлылығы мен тиімділігін жоғары бағалады.

Шілде айында Петропавл теміржол вокзалы арқылы 36 мыңға жуық турист өткен. Ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 144 мыңнан асты. Жаңа бастаманың арқасында әрбір қонақ Қазақстанға келген алғашқы сәттен бастап байланыста бола алады.