Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жалғасуда. Бүгінгі таңда 20 үйді сатып алуға қаржы бөлінген. Олардың бір бөлігі күзге дейін қолданысқа берілмек.
Биыл баспана кезегінде тұрған азаматтарға 20 тұрғын үй беріледі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарымен 6 мердігер ұйым айналысуда. Әрқайсысы 2-3 үйден салып жатыр.
СНХР: НҰРЛАН РҮСТЕМОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ
Әр үйдің аумағы шамамен 100 шаршы метр, құны 18 миллион теңгеден асады. Бүгінде ауданда баспана кезегінде 150-ден астам адам тұр.
СНХР: ДАНИЯР ҚАПАШЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қыркүйек айының соңына дейін 20 үйдің барлығы пайдалануға берілмек. Қазан айында пәтер иелері жаңа қоныстарына жайғасып, қысты жылы әрі жайлы үйде қарсы алады.