Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған «Довольный слон» орталығы 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашында шағын студия ретінде ашылған бұл жобаның бүгінде қала бойынша үш филиалы бар. Орталық мамандарының басты мақсаты – баланың сөйлеу қабілетін жан-жақты дамыту.
«Довольный слон» сөйлеуді дамыту орталығы 2024 жылы кәсіпкерлік басқармасынан 5 миллион теңге көлемінде грант жеңіп алды, ал 2025 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне енді. Бұл – орталықтың әлеуметтік маңызды бағытта жұмыс істеп жатқанын білдіреді.
Снх: ЕКАТЕРИНА АРЕФЬЕВА – «ДОВОЛЬНЫЙ СЛОН» СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Әр топта 5-6 маманнан тұратын кәсіби команда жұмыс істейді, және олардың әрқайсысы балалардың дамуына айрықша үлес қосады. Бұл жерде логопед маман және қосымша нейропсихолог, дефектолог мамандар бар. Нейропсихологтың басты міндеті – баланың сөйлеуге дейінгі дағдыларын дамыту.
Орталық ұжымы нәтижеге жұмыс істеп, баланың толық әлеуетін ашуға көмектесуді мақсат етеді. Сол үшін де барлық мамандар бірлесе жұмыс істеп, балалардың дамуына өз үлестерін қосып жүр.