«Qyzyljar» телеарнасы – 65 жыл бойы эфирде. Осы уақыт ішінде техника заман талабына сай жарақталып, студия да өзгерді. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды – барша көрерменмен байланыс орнатуға деген шынайы ниет. Бүгін біз ерекше жан туралы сөз қозғамақпыз. Оның арқасында –есту қабілеті нашар жандар да ести алады. Келесі сюжеттің басты кейіпкері – сурдо-аудармашы маманы Нағима Саутова.

Нағима Саутова телеарнаға кездейсоқ келген. 2014 жылы «Qyzyljar» арнасына алғаш келген күнін әлі күнге дейін ұмытпаған – жарық шамдар, толқу, қобалжудан дірілдеген қолдар. Айтуынша, алғашқыда сезім мен эмоция өте көп болған. Ымдау тілі – тек қолмен ғана емес, бет әлпет пен қимыл-ишарамен жеткізілетін әсерлі тіл. Уақыт өте келе Нағима бұл саланың қыр-сырын меңгеріп, сенімділік пен шеберлікке ие болды.

СНХР: НАҒИМА САУТОВА – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ СУРДО-АУДАРМАШЫСЫ


Нағиманың алғашқы күндерінен бастап оның жұмысын «Qyzyljar» телеарнасының бас режиссёры Ирина Купина қадағалап келген. Ол Нағиманың көз алдында нағыз кәсіби маманға айналғанын айтады.

СНХР: ИРИНА КУПИНА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ


Нағима телеарнаға келмес бұрын 2005 жылы есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында жұмыс істей бастаған. Бүгінде сол білім ордасында қызмет атқарады. Ым-ишара тілін әліпбиден бастап, балалармен бірге үйренді.

СНХР: НАҒИМА САУТОВА – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ СУРДО-АУДАРМАШЫСЫ


Нағиманың айтуынша, есту қабілеті шектеулі жандарға өзекті ақпаратты қолжетімді ету – бұл «еститін мемлекет» қағидатының нақты көрінісі.