Төл әдебиетіміздегі таңдаулы 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жалғасып жатыр. е-Gov Mobile қосымшасы арқылы үздік кітаптар тізбегін жасауға сіз де үлес қоса аласыз. Ол үшін басты бетте «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өту керек. Сол жерден өзіңізге ұнайтын 10 шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз. Сауалнаманың нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. Ал жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.