Петропавл қаласына Жамбыл Жабаев атындағы музейден жылжымалы көрме жеткізілді. Экспозицияға ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасынан сыр шертетін 60-тан астам құнды экспонат әкелінді. Арасында Жамбылдың жеке заттары, фотосуреттері, қолжазбалары мен тарихи құжаттар бар.
Жамбыл Жабаев атындағы музей 1947 жылдың 8 тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде музей қорында 3 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Оның ішінде 2 970 экспонат — негізгі қорда болса, қалғаны ғылыми-қосалқы қорға жатады. Музейдің директоры — Жамбыл Жабаевтың туған немересі. Сондықтан ол ұлы жыршының мұрасын сақтап, насихаттауға ерекше мән береді.
СНХ: САЛТАНАТ ЖАМБЫЛ, Ж.ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жылжымалы көрменің ашылуына зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары жиналды. Салтанатты іс-шарада қатысушылар Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орнына тоқталып, оның рухани мұрасының маңыздылығын атап өтті.
СНХ: БАУЫРЖАН ЖҮНІСОВ, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Көрме үш күн бойы жалғасады. Ұлы жыршының өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақтарының келіп көруіне мүмкіндік бар.