Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани көсемі, ұлы ойшылы, данышпан ақыны. Ол өз заманының озық тұлғасы ғана емес, бүгінгі күнге дейін өзекті ойлар қалдырған кемеңгер. Абайдың шығармалары – ұлттың айнасы, өшпес мұрасы. Биыл елімізде ұлы тұлғаның 180 жылдығы ауқымды түрде аталып өтпек. Мерейтой қарсаңында қала тұрғындарына Абай өмірі туралы сұрап білдік.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Абай қазақ жастарының білім мен ғылымға құштар болып, ел болашағына үлес қосатын тұлға болып қалыптасуын қалады. Сондықтан, осы өлең арқылы өзінің өкінішін білдіріп, болашақ ұрпаққа қатесін қайталамауға кеңес береді.

СНХ: НАИЛЯ НУРЛАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Бүгінде Абай Құнанбайұлының есімі тек қазақ халқына ғана емес, күллі әлем жұртшылығына таныс. Оның шығармашылығын тек қазақ халқы емес, өзге ұлт өкілдері де сүйіп оқиды. Тіпті, көпке танымал әнін де шырқап берді.

Абай – қазақтың болмысын әлемге танытқан ұлы тұлға. Оның есімі көшелерге, мектептерге, жоғары оқу орындарына берілген. 2020 жылы ЮНЕСКО көлемінде ақынның175 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Ол - оның әлемдік деңгейдегі тұлға екенін дәлелдейді.

Айта кетейік, биыл – ұлт руханиятының шамшырағы, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.