Елдегі қайырымдылық саласы заңнамалық тұрғыда реттеледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Айтуынша, шынайы көмек көрсететін жақсы қорлар бар, бірақ пиғылы теріс адамдар да жоқ емес. Әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы әрекет етіп жатқандарға халық еш ойсыз ақша аударады. Перизат Қайраттың жағдайындағыдай оқиғаларда ғана мәселенің беті ашылып, қорлардың бірқатары құқық қорғау органдарының назарына ілікті- деді, Ермек Көшербаев. Енді, заңнамаға өзгерістер енгізілмек.
СНХ: ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ