Енді дәрігерлерге қол көтергендер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі айтты. Ақмарал Әлназарованың сөзінше, ақ халаттыларға шабуыл жасағандар 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Төтенше жағдайда жасалған әрекеті үшін 10 жылға дейін сотталады. Ал, бір емес, бірнеше мәрте медицина қызметкеріне күш көрсеткендер 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Мұндай шешімге осындай оқиғалардың көбейіп кетуі себеп болып оытр. Соңғы 5 жылда Қазақстанда 170-ге жуық дәрігер соққыға жығылған.
СНХ: АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ