Аққайың ауданындағы «Дайындық» серіктестігінде «жем шөп өндірісі – мал шаруашылығын тиімді жүргізудің негізі» атты семинар-кеңес өтті. Төрт түлікке қажетті жем-азық әзірлеуде заманауи технологияларды енгізу төңірегінде әңгіме өрбіген алқалы жиынға өңіріміздегі агроқұрылым басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі жетекшілері мен жем-шөп әзірлеу жөніндегі мамандар қатысты.

Алқалы жиын мақсаты мал өсірумен айналысушыларға төрт түлікке жем-шөп әзірлеуде ғылыми тұрғыда дәлелденген тұжырымдамалардың тиімділігін түсіндіру.

СНХ:Алтынбек Абдуллаев – СҚ ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы


Төрт – түлікке жем-азық әзірлеуде заманауи технологияларды қолданудың қаншалықты пайдалы екендігін түсіндіруге арналған семинар-кеңес өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның Аққайың ауданындағы «Дайындық» серіктестігінде өткізілуінің себебі, аталмыш жаңашылдықты алғақшы болып қолданған да осы қожалық.

СНХ: Біржан Шаймерденов – «Дайындық» ЖШС басшысы


Семинар-кеңеске қатысушылар алдымен қаз-қатар тізілген заманауи ауылшаруашылығы техникаларының көрмесімен танысты. Онда мамандар кеңес мүшелеріне әр техниканының мүмкіндіктері мен тиімділіктері жайында құлағдар етті.

«Дайындық» серіктестігінің танап басында алқалы жиынға қатысушылар жастай шабылған бұршақты түктеу барысын көріп, оның мал-азығына қаншалықты тиімді екендігінен ақпарат алды. Жүгері өскен танап та меймандар назарынан тыс қалмады. Қазір ол жерде жүгері ору жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Одан малға қажетті сүрлем әзірлені үстінде.

Семинар-кеңеске арқау болған тақырып мына залда жан-жақты талқыланып, жем-жөп әзірлеудегі жаңашылдықтардың тиімділігі әңгіме өзегіне айналады бұл жерде. Алқалы отырысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ашып, алғаш ұйымдастырылып отырған бұл жиынның ауылшауашылығы саласы үшін қаншалықты маңызды екендігін тілге тиек етті.

СНХ: Марат Тасмағанбетов – облыс әкімінің бірінші орынбасары 


Өңірімізде сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығы жыл санап ұлғайып келеді. Ал олардың өнімділігін арттыруда ғылыми тұрғыда дәлелденген тұжырымдалалардың берер пайдасы ұшан - теңіз