Түнгі уақытта мотоцикл даусы, қаңғыбас иттер, интернет-алаяқтықтың алдын алу және басқа да мәселелер бойынша ауыл тұрғындары учаскелік инспекторға жүгінеді. Учаскелік полицейдің бір күндік жұмысы туралы келесі бейнематериалда.

Бахтияр Садуовтың жұмыс күні азаматтарды қабылдаудан басталады. Ол жақында ғана Бескөл кентінің орталық бөлігінде жаңа учаскелік инспектор қызметіне кірісті. Әр тұрғынға түсініктеме беріп, қажет жағдайда сигналға жауап беру, тиісті қызметтерге хабарласу - инспектордың міндеті. Ауылдық округ әкімдігінде азаматтарды қабылдайтын арнайы бөлме де бар. Бұл - ыңғайлы, себебі көршілес орналасқан сала мамандарынан жедел кеңес алуға мүмкіндік бар.

СНХР: Бахтияр Садуов - Қызылжар ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы


Қызмет көрсететін аумақта 4700-ден астам адам тұрады. Олардың қатарында 67 жалғызілікті зейнеткер бар. Олардың әрқайсымен жақынырақ танысып, қандай да бір шағымы бар-жоғын білу отыруы қажет. Тұрғындар учаскелік инспекторды түрінен тануы тиіс — бұл қазіргі заманғы полицияның басты қағидаттарының бірі.

Қылмыстың алдын алу - учаскелік инспекторлардың негізгі міндеттерінің бірі. Бахтияр учаскесін аралау барысында тұрғындарға интернет-алаяқтық туралы жадынама таратып, банк немесе ұялы байланыс операторларынан келген жалған қоңырауларға сенбеу керектігін түсіндіреді.

СНХР: Бахтияр Садуов - Қызылжар ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы


Жедел-алдын алу іс-шаралары аясындағы рейдтер, түнгі тексерулер, халықпен кездесулер, шақыртуларға жедел әрекет ету — «мың бір міндет» қызметті күндіз де, түнде де жалғастыруды талап етеді. Алайда Бахтияр бұл қиындықтарға сабырмен қарайды. Ол полициядағы қызметін жай жұмыс емес, өмірлік мұратым деп есептейді.