Атқа міну – бұл тек қызықты әуесқойлық емес, бұл адам денесін шынықтырып, қозғалыс үйлесімін дамытатын ерекше спорт түрі. «Бай дала» клубында жаста шектеу жоқ.Атқа мінуді үйренгісі келген әрбір жанға есік ашық.
Жаттығу басталмай тұрып, әрбір ат арнайы дайындықтан өтеді. Бұл – шабандоздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етудің басты шарты. Ал ең жас шабандоздар алдымен понимен серуендеп үйренеді. Олардың мінезі жайлы, бойы аласа, сондықтан балалар үшін таптырмас серік.
СНХ: ЕКАТЕРИНА ЛАГОВСКАЯ, «БАЙ ДАЛА» КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
Қазірдің өзінде тәрбиеленушілер жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Көбісі үшін бұл – кәсіби спортқа жасалған алғашқы қадам.Кәмилә Серікова ат спортымен айналысып жүргеніне бес жыл болды. Осы уақыт ішінде ол жақсы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді.
СНХ: КӘМИЛА СЕРІКОВА, СПОРТШЫ
Ат спорты клубы 10 жастан асқан балаларға арналған топтық жаттығулармен қатар, ересектер үшін жеке сабақтар өткізеді. Мұндағы аттар толықтай үйретілген. сондықтан бастапқы деңгейдегі шабандоздар үшін де қауіпсіз. Клуб өкілдерінің айтуынша, ең бастысы келушілерде ынта мен жануарға деген махаббат болса болғаны.