Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы – аймақтағы бизнес өкілдері үшін сенімді серіктес әрі қолдау көрсететін басты мекемелердің бірі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөлімшесі ретінде ол кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауды, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауды және кәсіпкерлік мәдениетті нығайтуды мақсат етеді.
Кәсіпкерлерді қолдау бағытында мұнда өз кәсібін ашамын деушілерге кәсіп бастау, тіркеу, салық жүйесі, бухгалтерлік есеп, кадр мәселелері, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу туралы тегін кеңестер беріледі. СҚО-да соңғы жылдары әлеуметтік кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Бұл қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ерекше бизнес түрі. Джан Северина балаларға арналған медициналық оңалту орталығын ашты. Әлеуметтік кәсіпкерлік жайлы алғаш рет үш жыл бұрын естіп білген. Ең алғашқы болып оқыту курсына қатысқан.
СНХР: САВЕРИНА ДЖАН, «КОТ КИТ» БАЛАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ