Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 170 бас ірі-қарадан бруцеллез анықталды. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе аз. Мамандардың айтуынша, алдын алу шараларының нәтижесінде инфекцияның таралу көрсеткіші төмендеген. Соңғы бірнеше жыл бойы облыста бруцеллез бойынша жағдай күрделі болған еді. Ауру мал санитарлық союға жіберіліп, инфекция ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылды. Жыл басынан бері ең көп таралған әрі қауіпті саналатын жұқпалы ауруларға қарсы 3,5 млн вакцина салынған. 715 мың бас малдан сынама алынып, зерттеу жүргізілді.
СНХ: Нариман Тасболатов, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы: