С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, жауапкершілік және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Іс-шара республикалық «Заң және тәртіп» идеологиялық тұжырымдамасы аясында өтті. Мақсат - жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыру.
Кездесуге әкімдік, полиция, прокуратура және құқықтық көмек орталығының мамандары келді. Жиынның мақсаты - жасөспірімдерге заңды қалай бұзбай өмір сүру керек екенін түсіндіру. Мамандар құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын айтып, жастарға пайдалы кеңестер берді. Сарапшылардың айтуынша, әр адамның заңға деген көзқарасы - отбасында, мектепте және достарының ортасында қалыптасады. Жалпы, мұндай кездесулер жастар ресурстық орталығымен бірге әр тоқсанда өткізіліп тұрады.
СНХ: ЕЛЕНА СКАКУНОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП -ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ