Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Есіл, Тимирязев, Уәлихан және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарында ауыл шаруашылығына арналған 45 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған. СҚО прокуратурасы мәліметінше, Петропавлда да бір кәсіпкер 123 гектар коммерциялық жерді үш жыл бойы пайдаланбай келген.

СҚО прокуратурасының қадағалау нәтижесінде жалпы көлемі 33,2 мың гектар, кадастрлық құны 29,8 млрд теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, қайтарылған жерлер адал ниетті пайдаланушыларға берілуде.