Қазгидромет Қазақстанның негізгі астық егетін аймақтарында жаздық бидайдың алдын ала өнімділік болжамын дайындады. Есептеулер бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы өнім орташа көрсеткіштер деңгейінде күтілуде.
2025 жылдың көктемі оңай болған жоқ. Мамыр мен маусым айлары жаңбырлы болды, жауын-шашын нормадан көп түсті. Дегенмен, мұндай жағдай бидайдың жақсы өсуіне кедергі келтірмеді. Облыс бойынша орташа өнімділік гектарына 14,7-16,7 центнерден болады деп болжануда. Ең жоғары өнімділік Қызылжар ауданында - 23,2 , Есіл ауданында – 18,6-20,6, Тимирязев ауданында – 16,1-18,1 центнер/гектар және Шал ақын ауданында – 15,9-17, центнер/гектар болады деп күтіледі.