21-23 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Мақсат - жол-көлік оқиғаларын азайтып, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру.

Ерекше бақылауда - жолаушылардың өмірі мен денсаулығына ресми жауапкершілік алмайтын заңсыз такси қызметімен айналысатындар. Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 17 заңсыз такси жүргізушісін анықтады.

СНХР: Аягөз Есмағамбетова - СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы


Қоғамдық көлік құралдарын тексеру - техникалық талаптарға сай емес қайта жабдықталған көліктерді пайдалануға жол бермеу, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір құқық бұзушылық жолаушыларға қауіп төндіреді.

СНХР: Аягөз Есмағамбетова - СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы 


Алдын алу шарасы барысында өңір жолдарында 496 түрлі құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, көлік құралын басқару құқығы жоқ 41 жүргізуші, жүргізушілік куәлігінен айырылған 7 адам, мас күйінде көлік тізгіндеген 11 жүргізуші анықталды. Жұмыс мүдделі органдармен бірлесіп жүргізілуде. Полицейлер жол қауіпсіздігі саласындағы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын тиімді іске асыру тек жауапты көзқарас арқылы мүмкін болатынын еске салады.