Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылында нағыз ертегіге ұқсас шағын ферма бар. Бұл жер — ерекше жануарларға толы. Ферманың иесі - Ирина Фишбух. Мұнда жібектей жұмсақ қауырсынды құстар, павлиндер мен сүйкімді пони Поли бар. Иринаның арманы — осы шағын әлемді үлкен, көрікті эко-фермаға айналдыру.

Бұл фермаға бір аяқ бассаңыз, жан тыныштығы мен жылылықты бірден сезесіз. Ирина Фишбухтың ауласындағы тіршілік ертегі әлеміндей. Мұнда бір-біріне үйреніп, үйлесім тапқан бұл тіршілік иелері айналаға ерекше жылу сыйлайды. Ирина үшін фермерлік өмірдің басты құндылығы да дәл осы мейірім мен тыныштықта.

СНХ: ИРИНА ФИШБУХ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Бұрын Ирина Тепличныйдағы шағын бақшасында жерге деген шексіз сүйіспеншілігін тапса, қазір ол Петерфельд ауылында армандарын жүзеге асыруда. Ферма күн санап көркейіп, жаңа нысандар салынып, жұмысы жүйеленіп келеді.

СНХ: ИРИНА ФИШБУХ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Ирина жануарлардың адамға төзімділік пен ішкі үйлесім сыйлайтынына сенімді. Әрбір жаңа гүлдей ашылған өсімдік, әрбір өмірге келген тіршілік шынайы бақыттың белгісі. Ол өз шаруашылығын кеңейтіп, табиғатпен үндесетін, көркем әрі сәнді ферма жасауды армандайды.