Петропавлда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты әдеби -сазды кеш өтті. Сонымен қатар, облыстық бейнелеу өнері музейінде ұлы ақынға арналған 15-ке жуық эскпонат қойылды. Көрме қала тұрғындары мен қонақтарына 1 ай ұсынылатын болады.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Биыл – қазақ халқының ұлы ойшылы, дана ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл – ұлтымыздың рухани өміріндегі ерекше, тағылымды дата. Осы мерейлі мереке аясында еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде біздің өңірімізде де Абай мұрасын дәріптеуге бағытталған түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Абай – қазақ әдебиетінің классигі, ұлттық сананы оятушы, елді білім мен өнерге үндеген дара тұлға. Оның "Қара сөздері", поэзиясы мен аудармалары – қазақ руханиятының алтын қазынасы. Абайдың мұрасы бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл түркі дүниесінде, тіпті жаһандық деңгейде бағаланып отыр.
СНХ: ГҮЛЖАУҺАР СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Іс-шара барысында хәкім Абайдың өнегелі өмірі мен терең мағыналы туындылары жайлы кеңінен сөз қозғалды.Сондай-ақ, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі Ғалымжан Нүрпейісов ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» атты әнін шырқап, әдеби сазды - кеш мазмұнын айрықша әрледі.
Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасы – ұлт руханиятының алтын қазығы. Осы орайда ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш барысында Абай шығармашылығы жан-жақты насихатталып, көрермен қауым ерекше әсерге бөленді.