С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Engineering Camp» атты жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Бұл жерде жасөспірімдер тек білім алып қана қоймай, заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Engineering Camp жазғы лагері екі кезеңді қамтиды. Қатысушылар сызбалар құрып, бағдарламалау негіздерін үйреніп, өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруда.

СНХР: СВЯТОСЛАВ ЛЕНГАРД, MAKERSPACE ИНЖЕНЕРЛІК КЕҢІСТІГІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ


Бұдан бөлек, балалар шеберлік сағаттарына қатысып, өздерін өнертапқыш, суретші ретінде де сынап көруде. Жаңа мүмкіндік беретін бұл бағдарламаға балалар тегін қатысып жатыр.

СНХ: САБИНА БРИГАЗИНА, ҚАТЫСУШЫ


Лагерь екі аптаға созылады. Осы уақыт ішінде жасөспірімдер техникалық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, командамен жұмыс істеуді үйреніп, жазғы демалысты тиімді әрі қызықты өткізеді.