Петропавл қаласында «Ұнайды маған» тележобасының кастингі өтті. Іріктеу кезең оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Музыкалық жобаға жасы 18-ден асқан 10-ға жуық адам қатысты. Үміткерлер камера алдында әннің бір шумағы мен қайырмасын орындады. Байқау талабы бойынша қатысушылар 2 ән айтты. Бірі – міндетті түрде қазақ тілінде болса, екінші туындыны өз қалаулары бойынша өзге тілде орындады.
Кастингке келген қатысушы Аружан Ерденованың негізгі – мамандығы дизайнер. Ол өнерге деген қызығушылығын танытып, жобада бағын сынап көрді.Үміткер өзіне лирикалық жанрдағы әндер ұнайтынын айтады.
СНХ: АРУЖАН ЕРДЕНОВА, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ
Ал, Нариман Жолдасбеков бала күнінен өнерге жақын. Өнерпаздың қоржынында түрлі жанрдағы әндер бар. Үміткер «Ұнайды маған» музыкалық жобасының іріктеу кезеңінде « Екі жирен» және «Нурикамал» әндерін орындады.
СНХ: НАРИМАН ЖОЛДАСБЕКОВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ
Айта кетейік, байқау еліміздің ірі қалалары мен барлық облыстарында өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылар «Қазақстан» ҰТА өтетін телевизиялық жобаға шақырту алады.