ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев облысқа жұмыс сапарымен келді. Іс-сапардың мақсаты - өңірлік медицинаның жай-күйін бағалау және денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттар мен жобалардың іске асырылу барысымен танысу.
Сапар барысында Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында Тимур Сұлтанғазиев жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Онда вице-министр ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
СНХ: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Кездесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Вице-министр жауапты мамандарға мәселені шешуді тапсырды.
СНХ: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Бүгінде облыс бойынша шамамен 7 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 1700-ге тарта дәрігер жұмыс істейді. Алайда, қазіргі уақытта 170-тен астам дәрігер мен сонша орта буын медицина қызметкерлері жетіспейді. Кездесу барысында вице-министр медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында медициналық жоғары оқу орындарындағы ақылы бөлімге қабылдау санын қысқарту жоспарланғанын атап өтті. Бұл қадам — білім сапасын жақсартып, кадр тапшылығын жүйелі түрде шешуге бағытталған.