21-маусым Халықаралық йога күні. Бұл айтулы күнді «Алматы-Қазақстан» үнді классикалық биі және йога орталығы» 2015 жылдан бері жыл сайын атап өтеді. Биыл ұйым мерекелік іс-шараны Петропавл қаласында өткізуді ұйғарыпты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Қайназарованың жетекшілігіндегі орталықтың ұйымдастырумен өткен жиынға спортты жанына серік еткен жандар көптеп жиналды. Жалпы, бұл күннің мақсаты – йоганың адам денсаулығына тигізетін оң әсерін насихаттау және салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.
СНХ: АҚМАРАЛ ҚАЙНАЗАРОВА, «АЛМАТЫ-ҚАЗАҚСТАН» ҮНДІ КЛАССИКАЛЫҚ БИІ МЕН ЙОГА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Йогаға қатысу тегін. Бүгін өткен іс-шараға йогамен бұрыннан айналысып жүрген тәжірибелі қатысушылармен қатар, бұл бағытқа енді ғана қадам басқан жандар да келді. Жиналғандар таңғы сергектікті арттырып, дене мен жан саулығын нығайтуға бағытталған жаттығуларды бірге орындады.
СНХ: САМАЛ ТҰРЛЫБЕКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Күндізгі жаттығулар кешке мәдени бағдарламамен жалғасады. Қатысушылар үшін арнайы концерт ұйымдастырылмақ.