Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ювеналдық полиция қызметінің басты назарында. Сенбі күні өткізілген рейд барысында полицейлер түңгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүрген 25 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары демалыс күндері ауқымды түнгі рейд өткізді. Оған қамқоршылық және білім бөлімдерінің өкілдері, Жастар бастамалары орталығының қызметкерлері мен еріктілер тартылды.

СНХР: САҒИДОЛЛА ЕТЕКБАЕВ — СҚО ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ


Кей жағдайда балалармен жақын туыстары еріп жүреді. Полицейлер балалар тек заңды өкілдерімен ғана еріп жүре алатындығын еске салады. Ата-әжелері, аға-апалары кәмелетке толмағандар заң жүзінде жауапты бола алмайды.

СНХ: САҒИДОЛЛА ЕТЕКБАЕВ — СҚО ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ


Сенбі күні өткізілген рейд барысында полицейлер 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүрген 25 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.