Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында өтіп жатқан гуманитарлық форумның жұмысы басталды. Шараны бас директоры Шэнь Хайсюн мырза бастаған Қытай Медиакорпорациясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырды. Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

СНХ: ЕРЛАН ҚАРИН – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ


Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларға тоқталды. Ерлан Қарин аталған форум Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.