Петропавлда жазғы кештің шырайын келтірген ерекше мәдени іс- шара өтті. Қаланың ірі сауда орталықтарының бірінде өткен концерт тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Кештің басты қонағы – көпшілікке жақсы таныс «Бриз-R» вокалды-аспаптар ансамблі. Ұжым тыңдармандарға жаңа бағдарламасын ұсынып қана қоймай, жүректерде жатталған ескі хиттерін де орындады.

«Бриз-R» вокалды-аспаптар ансамблі көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Концерттік бағдарлама сағыныш пен серпілісті, жан жылуы мен шынайы эмоцияны шебер үйлестіре білді.

СНХ:РИШАТ ШАРИПОВ, «БРИЗ-R» ВОКАЛДЫ – АСПАПТАР АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Концерт шынайы эмоциялар мен ерекше көңіл-күйге толы болды. Музыкалық кештің атмосферасы рок-фестиваль деңгейінен кем түспеді.

Бұл музыкалық кеш көрерменнің жадында ұзақ уақыт сақталатыны сөзсіз.