Бүгіндері өңіріміздегі өндіріс саласы қарқынды дамып келеді. Оған үлес қосып отырған іргелі кәсіпорындардың бірі Ақжар ауданында орналасқан "Ақжар Нейруд" серіктестігі. Қазіргі күні олар құрылыстың қай саласында болмасын сұранысқа ие қиыршық тастың 7 түрлі фракциясын өндірумен айналысады. Жылдық қуаттылық 100 мың тонна.
"Ақжар Нейруд" серіктестігі 2014 жылы құрылған. Кәсіпорынның негізгі бағыты — құрылысқа қажетті түрлі фракциядағы қиыршық тас өндіру. Дайын өнім 7 фракцияға бөлінеді. Мына карьерде шығарылатын қиыршық тас сапалы, құрамында зиянды қоспалар жоқ, сондықтан жол құрылысы, темірбетон бұйымдары мен тұрғын үй салу ісінде кеңінен қолданылады.
СНХ: Ғалымжан Ғиззатов - кәсіпорын басшысы
Қиыршық тас өңдеу бұл тек кәсіпорынның өндіріс ошағы ғана емес, сонымен қатар аудан халқы үшін тұрақты табыс көзі. Мұнда бүгінде 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Келісім-шартта көрсетілген жалақы мен әлеуметтік төлемдердің барлығы уақтылы төленеді. Тек ерінбей еңбек етсең болғаны.
СНХ: Петр Молчанов – өндіріс басшысы
Кәсіпорындағы желі толығымен автоматтандырылған. Неміс және ресейлік жабдықтар. Әр фракция – жол құрылысына, бетон өндірісіне, дренаж жүйелеріне арналған. Сапа басты орында. Ал оларды қадағалау Бақытжан Омаровтың міндеті. Жас маман Оңтүстіктен қоныс аударған.
СНХ: Бақытжан Омаров — тас үгуші
Ақжар ауданының геологиялық бай қырларынан алынатын қиыршық тас өндірісі — Қазақстанның солтүстігіндегі индустриялық қуаттың айқын көрінісі. Өдіріс ошағы аймақтың табиғи байлығын тиімді пайдаланып, еліміздің құрылыс саласына сапалы өнім ұсынып отыр. Мұндай жобалар — "Солтүстік Қазақстанда жасалған" деген ұғымды шын мәнінде мақтанышқа айналдыра алады.