Қызылжар ауданының ипподромында ұлттық спорт түрі бәйгеден ҚР Чемпионатының 4-іріктеу кезеңі өтті. Дүбірлі додада еліміздің мықты шабандоздары бақ сынасты.Чемпионатқа 9 өңірден келген спортшылар қатысты. Айта кетейік, сайыста облыс намысын 13 спортшы қорғады.
Додада аттың жүйріктігі мен шабандоздың шеберлігі сынға түсті. Жарыс бағдарламасы бойынша қатысушылар құнан, топ, аламан бәйге және жорға жарыс бойынша бақ сынады. Сонымен қатар қонақтарға арнап қызықты іс-шаралар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды.
СНХ: ЖОМАРТ САЙБОЛАТОВ, «БӘЙГЕ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» РҚБ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ
Сайыста қатысушылар 22 700 000 теңгелік жүлде қоры мен маусымның чемпиондары анықталатын финалға жолдама алу үшін күресті.
СНХ: ӘДІЛХАН САҒЫНДЫҚОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алғашқы жарыс түрі құнан бәйгеге 15 жас шабандоз қатысты. Солардың ішінде Қарағанды облысынан келген 12 жастағы Әліби Әйтпек бастапқы сәттен бастап ерекше көзге түсіп, додада оза шапты.
СНХ: ӘЛІБИ ӘЙТПЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Бәйгені көруге келген шабандоздардың қарасы қалың болды. Барлығы дерлік қызықты да тартысты өткен жарыстан мол әсер алды. Ұлттық спорт десе ішкен асын жерге қояр жанкүйерлер тіпті басқа облыстардан арнайы келген. Солардың бірі – Аршат Талғатұлы.
СНХ: АРШАТ ТАЛҒАТҰЛЫ, ЖАНКҮЙЕР, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Жарыста оза шапқан спортшыларға ақшалай сыйлықтар, медаль және грамоталар берілді. Айта кетейік, жорға жарысы бойынша екі солтүстікқазақстандық шабандоз жүлделі орындарға ие болды.