Қытайлық инвесторлар Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға қаржы құяды. Сондай-ақ Ақтөбеде ашылғалы жатқан карбамид өндіретін кәсіпорынға 1 млрд доллар көлемінде несие береді. Бүгін Астанада «Орталық Азия энергиясы + Қытай» форумы өтіп жатыр. Жиында елдеріміз арасында 60-қа жуық келісім жасалатыны айтылды. Ол қандай жобалар?! Форумға қатысқан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатып айтады.

Форумға қатысуға келген China Power компаниясның басқарма төрағасы жиналғандармен иіліп тұрып амандасты. Артынан өз сөзінде бұл қазақ халқына деген құрметінің нышаны екенін жеткізді. Оның сөзінше, Қазақстан мен Қытай ескі дос, сенімді серіктес әрі стратегиялық әріптес.

СНХ: ДИНГ ЯНДЖАНГ – «CHINA POWER» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


Энергетика министрінің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай жаңартылатын энергия бағытында 30-дан астам жобаны жүзеге асырып жатыр.

СНХ: ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ


Форумда түске дейін CNPC компаниясы(())мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту туралы келісімге қол қойылды. Кәсіпорын қуаты енді 12 млн тоннаға жетеді. Нәтижесінде еліміздің шикізат өңдеу, мұнай өнімдерін экспорттау әлеуеті артады. Сондай-ақ Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосуға арналған келісім жасалды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕС – ТІЛШІ:

- Қазақстан мен Қытай осы форум аясында құны 25 млрд АҚШ доллары болатын 60-қа жуық келісім жасайды. Оның ішінде Seraphim компаниясымен жасыл сутегі өндіру туралы бірлескен жобаны ерекше атауға болады. Бұл жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып өндірілетін, экологиялық таза отын түрі. Оны болашақта өнеркәсіп, химия, энергетика, авиация және кеме қатынасы, сондай-ақ көлік саласында пайдалану көзделіп отыр.

Бүгінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия және Сауд Арабиясы секілді елдер бұл технологияға ерекше назар аударып отыр. Өйткені ол экологиялық тұрғыдан таза әрі тиімді.