Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері аттестаттарын алып, жаңа өмірге қадам басты. Бұл — үлкен өмірге бастар жол. Ал олар болашақтарын қалай елестетеді, қандай мамандық таңдады? Келесі сюжеттен көрейік.

Соңғы қоңырау — түлектер үшін есте қаларлық сәт. Артта — ізденіске толы оқу жылдары, жобалар мен сындарлы сынақтар қалды. Бұл күн — мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар жаңа белес. Түлектер ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

СНХР: ДАНИЯР УӘЛИЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Биылғы түлектер үшін бұл ерекше сәт — Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Ұстаздар мен оқушылар үшін бұл — он жылдық жетістіктерді қорытындылаған қос мереке.

СНХР: ТЕМІРЛАН ӘДИЯТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ НЗМ ТҮЛЕГІ


СНХР: ДІЛНАЗ АЛТАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ НЗМ ТҮЛЕГІ


СНХР: МАХАББАТ ТОҚТАР, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ НЗМ ТҮЛЕГІ


Аттестат табыстау салтанатында ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, түлектерге ақ баталарын берді. Себебі оларды алда студенттік өмір, асқақ армандар мен биік мақсаттар күтіп тұр.