С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Ғылыми зерттеулердегі ақпараттық технологиялар мен математикалық модельдер: сын- тегеуріндер мен мүмкіндіктер» тақырыбында өңірплік дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университеттер мен колледж оқытушылары, сондай-ақ ғылыми қызметке қызығушылық танытқан студенттер қатысты.
Жиынға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жобаларын таныстырды. Олар цифрландыру, алгоритмдеу және математикалық модельдеудің ғылыми тәсілдер мен зерттеу мазмұнын қалай өзгертетінін көрсетті. Назар - деректерді өңдеу, зерттеулердің ғылыми дәлдігін арттыру және олардың тәжірибелік маңызын көтеруге аударылды. Технологияның дамыған заманында қандай да бір зерттеулер ІТ құралдармен математикалық жүйесіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бұл ресурстар талдауды жоғары деңгейде жүргізіп, нақты болжам жасауға, күрделі модельдер құруға негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Дөңгелек үстел жас буынмен академиялық қауымдастықтар арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.
СНХР: ҚАНАТ СЕЙТЖАН, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ