Жаз мезгілінде Қызылжар ауданындағы сауықтыру лагерінде 300-ден астам бала тынығып, уақытын тиімді өткізеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай біздің түсірілім тобы балаларға арналған «Серебряный бор» лагерінің төртінші маусымының жабылу салтанатына арнайы барып қайтты.

Табиғаты тамаша аймақта орналасқан балалар лагерінде төртінші маусым өз мәресіне жетті. Он күн бойы 50 бала түрлі қызықты іс-шараларға қатысып, ұмытылмас әсер алды. Біреулер үшін бұл жаңа достармен танысудың тамаша мүмкіндігі болса, енді біреулер үшін спорттық жеңістерімен есте қалды. Ал барша бала үшін бұл - таза ауада, әсем табиғат аясында өткен жарқын әрі пайдалы демалыс болды.

СНХ: ДАНИЯР БЕЙСЕНОВ


СНХ: ТОЙЖАН МАУЫТБАЕВА, АТА-АНА


Маусымның соңғы күнінде лагерь балаларына арнап мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар Конституция күніне арналған сурет байқауына қатысып, білімдерін зияткерлік викторинада сынады. Сонымен қатар, салтанатты сап түзеу өткізіліп, белсенді балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

СНХ: ҒАФУРА БҮСТЕКОВА, ЛАГЕРЬ ДИРЕКТОРЫ


Лагерьге жолдама құны – 47 мың теңге. Балалар үшін жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге әлі де мүмкіндік бар. Қазіргі таңда мұнда бесінші маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Лагерь тек Қызылжар ауданының ғана емес, Петропавл қаласынан келетін бүлдіршіндерді де құшақ жая қарсы алады.