Автожолдардың сапасы – тек құрылысшылардың ғана емес, қоғамның ортақ мүддесі. Бұл бағытта жүйелі жұмыс істеп жатқан мекемелердің бірі – жол активтері сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы. Мұндағы мамандардың айтуынша жыл басынан бері құрылысы жұріп жатқан 272 нысанға шығып, 1600 сынама алынған. Нәтижесінде 108 ақау анықталған.

Қазақстан жолдарының сапасын бақылау – маңызды әрі жауапты жұмыс. Бұл істі елімізде Ұлттық жол активтері сапа орталығы жүргізеді. Оның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы биылдың өзінде жүзден астам нысанды қамтыған.

СНХР: МАРАТ ДАРБАЕВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК СҚОФ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ


Бөлім басшысы Арман Турасимовтың айтуынша, жыл басынан бері 272 нысанға шығып, 1600 сынама алынған. Оның ішінде 1400-і зертханалық тексеруден өтті.

СНХР: АРМАН ТУРАСИМОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Сапаны тексеру – бұл тек есеп қана емес. Бұл осы жолмен жүретін мыңдаған адамның қауіпсіздігі. Сондықтан мамандар әрбір үлгіні мұқият қарап, арнайы құрылғылармен тексереді. Нәтиже шыққан соң, ол тапсырыс берушіге жолданады. Жол – ел дамуының негізі. Ал сапалы жол – тұрақты бақылаудың нәтижесі.